
☑️ Ақтөбе қаласы «№40 жалпы білім беретін орта мектебі КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
☑️ Мектептегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар туралы ақпартты жұмыспен қамту орталығының “enbek.kz” сайтынан, фейсбукте “Қырқыншы Жббом Ақтөбе қаласы” парақшасынан, https://hr-nobd.edu.kz/ модулінен, инстаграм “aktobe40school” парақшасынан көруге болады.
Конкурсқа жарияланған бос орын:
✅ Математика пәні мұғалімі– 17 сағат (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
-Математика пәні мұғалімі 165000-180000 тг.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Конкурсқа қатысушы үміткер қағиданың 113-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электронды түрде нобд порталына жолдай алады.
✔️Құжаттарды қабылдау мерзімі: 4.09-12.09.2025ж. аралығында өткізеді.
🗓️ Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы – бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.
☑️Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7)Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT))- 60-65 балл; болу керек.
11) осы Қағидаларға 12, 13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
🏢 Өтетін орны: Ақтөбе қаласы «№40 жалпы білім беретін мектебі” КММ» ( Т.Рысқұлов 8А)
☎️ Телефон: 460482
📧 Эл.почта: 40-mektep@aktgoroo.kz